Қазақстанда Солтүстік Аралды толтырудың жолы табылды
© Сурет: pixabay
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілімен кездесу өткізді. Кездесу кезінде Солтүстік Арал теңізін сақтау және су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру тетіктері талқыланды,деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның 2026 жылғы 26 қаңтардағы мәліметінше, негізгі назар Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңіне аударылды. Аталған кезең аясында теңіздегі су деңгейін көтеру үшін Көкарал бөгетін қайта жаңғырту көзделген.
Қазіргі уақытта жоба әзірлеу жұмыстары аяқталу сатысында тұр.
Сонымен қатар Қызылорда облысындағы ирригациялық желілерді қалпына келтіру жобасын дайындау жүргізілуде. Бұл жобаға цифрландыру мен автоматтандыру элементтерін енгізу жоспарланған.
"Аталған бастаманы жүзеге асыру су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырып, үнемделген суды Солтүстік Арал теңізіне бағыттауға мүмкіндік береді", – деп нақтылады министрлікте.
Қазіргі таңда жобалар мемлекеттік сараптамадан өтуде.
"Солтүстік Аралды сақтау және қалпына келтіру – бұл тек экологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік әрі стратегиялық маңызы бар міндет. Сондықтан бұл жоба біз үшін айрықша мәнге ие", – деді министр.
Айта кетейік, 2026 жылғы 22 қаңтарда Түркістан облысының Жетісай ауданында соңғы 40 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет магистральдық суару арналарына ауқымды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:06, 26 қаңтар 2026
Адам құқығы, жеке деректерді қорғау: Депутат Конституциядағы негізгі олқылықтарға тоқталды
-
11:54, 26 қаңтар 2026
Ыстамбұл маңында соңғы екі күнде бірнеше жер сілкінісі тіркеліп, жұртшылықтың үрейі ұшты
-
11:44, 26 қаңтар 2026
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы белгілі болды - 26 қаңтар
-
11:36, 26 қаңтар 2026
Қазақстанда медициналық жабдықты жалған жеткізу схемасы тоқтатылды
-
11:25, 26 қаңтар 2026
Роза Рымбаеваның немересі зеректігімен көзге түсіп, желіні шулатты





