Қазақстан азаматының банктік шотынан 30,7 млн теңге табылып, тәркіленді. ҚМА түсініктеме берді
© Сурет: pexels
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті электронды тұтыну жүйелерін (вейптерді) заңсыз сату, сондай-ақ төлем құралына заңсыз қол жеткізу (дропперлік) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2023 жылы 26 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады:
"2024 жылдан бастап Сәтбаев қаласының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы вейптерді сатуды ұйымдастырған. Өнімді өткізу қашықтан жүзеге асырылып, жеткізілім курьер арқылы жүргізілген. Вейптерді сатудан түскен қылмыстық кірістірді заңдастыру мақсатында күдікті "дроп-схеманы" қолданған: ақшалай сыйақы үшін ол үшінші тұлға — дроппердің атына рәсімделген банктік мобильді қосымшасына қол жеткізген".
Тінту барысында 500-ден астам вейп тәркіленді.
"Ұйымдастырушыға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ қолданылды. Соттың санкциясымен оның банк шоттарындағы 30,7 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатына тыйым салынды", делінген ҚМА хабарламасында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
"2025 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Қылмыстық кодексінде дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Атап айтқанда, банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына заңсыз қол жеткізуді беру, тапсыру немесе алу, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүддесіне материалдық сыйақы үшін заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қылмыстық құқық бұзушылық. Қылмыстың ауырлығына, әрекеттердің сипатына және алынған пайданың мөлшеріне байланысты ҚР ҚК-нің 232-1-бабы бойынша айыппұлдан бастап мүлікін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - дейді құзырлы агенттік.
Бұған дейін Қазақстанда 700 мың адам тұрақты түрде букмекерлік кеңсе қызметін тұтынып, ставкалар тігетіні хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:58, 26 қаңтар 2026
Көкшетауда күшті дәрілік препараттарды заңсыз өткізу арнасы тоқтатылды
-
18:52, 26 қаңтар 2026
Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан алты күдікті ұсталды
-
18:41, 26 қаңтар 2026
Отандық әуе компанияларға Иранның үстінен ұшуға тыйым салынды
-
18:10, 26 қаңтар 2026
Тоқаев Үндістанның премьер-министрін Республика күнімен құттықтады
-
17:55, 26 қаңтар 2026
53 млн теңгенің пәтерлері мемлекет меншігіне қайтарылды





