Теміржолшы ұйымдастырған 135 млн теңгелік баю схемасы сәтсіз аяқталды

15:55, 25 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Өскеменнен Каспий жағалауына пойызбен тазартылған мыс тасымалданған, алайда жолда 32 тонна жүк қолды болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Қарағанды облысында болған. Көліктегі полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері катодты мысты ірі көлемде ұрлаған күдіктілер тобын ұстады.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 32 және 61 жас аралығындағы бес адамнан тұратын топты ұстады. Олардың барлығы Балқаш қаласының тұрғындары. Құқыққа қайшы әрекеттердің ұйымдастырушысы теміржол ұйымының жұмысшысы болып шықты. Тергеу барысында жоғарыда аталған тұлғалардың Қарағанды облысының Тоқырау станциясында "Өскемен – Құрық-Порт" бағытымен келе жатқан темір жол вагонынан жалпы салмағы 32 тоннадан астам "катодты мыс" ұрлағандары анықталды",- делінген ақпаратта.

Келтірілген материалдық шығынның көлемі 135 миллион теңгеден асады.

Қылмыстық топтың барлық мүшелерінің кінәсі толық дәлелденді.

Сот үкімімен олардың әрқайсысы 3 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін бүлдіршін қызды зорлаған 14 жасар қазақстандықтың 10 жылға түрмеге тоғытылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!