Өмір сүру сапасының көрсеткіштері бойынша Қазақстан ЭЫДҰ-ның көптеген елін басып озады
© Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық статистикалық бюросының мәліметі бойынша, Қазақстан өмір сүру сапасының көрсеткіштері бойынша ЭЫДҰ-ның көптеген елін басып озады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) "Better Life Index" әдістемесіне сәйкес, 2024 жылға арналған Қазақстандағы өмір сүру сапасының индексі көрсеткіштерін жариялады.
Есептеу тәсілі
ЭЫДҰ – демократия қағидаттарын ұстанатын дамыған нарықтық экономикасы бар елдерді біріктіретін халықаралық ұйым. Ұйымның негізгі мақсаты – тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу. ЭЫДҰ-ға 38 мемлекет мүше, оның ішінде Австрия, Бельгия, Германия, Канада, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Норвегия, Швеция және т.б. елдер бар. Аталған индекс ЭЫДҰ таңдауы бойынша елдің даму деңгейін сипаттайтын әл-ауқат көрсеткіштерін қамтиды.
Мұнда халықтың материалдық немесе экономикалық әл-ауқаты ғана емес, сонымен қатар адам әлеуетін өсіруге байланысты маңызды аспектілер де ескеріледі.
Есеп мына бағыттар бойынша жүргізіледі:
- тұрғын үй жағдайлары (адам басына қарай бөлме саны, ыңғайлылық және шығындар);
- кірістер (барлық салықтарды төлегеннен кейінгі қаржылық әл-ауқат және кіріс қалдығы);
- жұмыс (жұмыспен қамту деңгейі, жұмыссыздық, орташа жалақы; жұмыспен қамту кепілдігі);
- қоғам (әлеуметтік қолдау деңгейі);
- білім (білім деңгейі, оқушылардың білімі мен дағдылары, оқу жылының саны);
- экология (ауаның ластану деңгейі, судың сапасы);
- азаматтық құқықтар (сайлаушылардың белсенділік деңгейі; мемлекеттік мекемелердің есеп беру көрсеткіштері және заңнаманы әзірлеу кезіндегі биліктің ашықтығы);
- денсаулық (орташа өмір сүру ұзақтығы, денсаулық жағдайына тәуелсіз бағалау);
- қанағаттану (өмірге қанағаттану);
- қауіпсіздік (қылмыстық жағдайдың деңгейі, жасалған қылмыстардың, шабуылдардың және кісі өлтіру фактілерінің цифрлық көрсеткіші);
- жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдік (жұмысқа арналған, оның ішінде қосымша жұмысқа, демалуға және өзін-өзі күтуге арналған уақыт).
Қазақстанның көрсеткіштері
Бюро деректеріне сәйкес, 2024 жылы халықтың моральды қолдауға қанағаттану деңгейі, яғни қиын сәтте иек артар жандардың бар екеніне деген сенім 93,3% құрады. ЭЫДҰ елдері бойынша бұл көрсеткіштің орташа деңгейі – 91%.
Өмірге қанағаттану көрсеткіші бойынша қазақстандықтар өз өмірін 10 баллдың ішінен 7,6 баллға бағалаған. Респонденттер күнделікті өмірде жағымды эмоцияларды жағымсыздарға қарағанда жиірек сезінетінін атап өткен. ЭЫДҰ елдері бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен – 7,3 балл.
2024 жылы ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, яғни бір жылдан астам уақыт жұмыссыз жүргендердің үлесі 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 1% көрсетті. Еңбекке қабілетті жастағы халықтың 80% астамы жұмыспен қамтылған. Бұл ЭЫДҰ елдеріндегі орташа деңгейден (78%) жоғары. Сонымен қатар аптасына 50 сағаттан артық жұмыс істейтіндердің үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа азайып, 2% құрады. ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш - 7,1%.
"Қауіпсіздік" көрсеткіші бойынша 2024 жылғы құқық қорғау органдарына деген сенім аясындағы халық арасында жүргізілген сауалнама қорытындыларына сәйкес, сұралғандардың 93,9% түнде көшеге шыққанда өзін қауіпсіз сезінеді екен. Бұл ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіштен (74%) едәуір жоғары.
Айта кетсек, Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдер рейтингінде 56-орынға ие болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:18, 25 желтоқсан 2025
Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
-
20:01, 25 желтоқсан 2025
Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
-
19:04, 25 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
-
19:01, 25 желтоқсан 2025
Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
-
18:48, 25 желтоқсан 2025
Отшашу, пиротехникалық бұйым. Елімізде жаңа жыл қарсаңында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілді





