«Тек алтынға ұмтылдым»: Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының финалынан кейін өз өнері, күрделендірілген бағдарламасы және жарақаттан кейін қалпына келуі туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Карими кермедегі іріктеу кезеңінің өзінде-ақ жарыстың өте күрделі өткенін атап өтті. Оның айтуынша, тіпті Олимпиада чемпиондары да қателескен. Финалда қазақстандық спортшы алтын медаль үшін күресу мақсатында бағдарламасын одан әрі күрделендірген.
"Керме іріктеу кезеңі басталғаннан-ақ сиқырланғандай көрінді. Тіпті, Олимпиада чемпиондарының өзі қателесті, ал жақсы өнер көрсеткендер санаулы ғана болды. Бүгінгі жарысқа келсек, бар ойым тек алтын медаль еді. Көшбасшылардың құлап жатқанына қарамастан, бағдарламамды күрделендірдім. Бағдарламаны толық орындап, тек бірінші орын үшін күрескім келді. Іріктеудегідей бағдарламаны орындап, оны сәл жеңілдетіп, бүгінгі жеңімпазбен тең түсуге болатын еді. Оның бағдарламасының бастапқы бағасы бар болғаны оннан бір баллға жоғары. Бұл үлкен айырмашылық емес. Бірақ мен жеңіске жету үшін бағдарламамды әлдеқайда күрделендірдім." Милад Карими
Спортшы финалдағы тактикасына да тоқталды. Оның сөзінше, бәрі Қытай спортшысының өнеріне байланысты болған. Қытайлық гимнаст бағдарламасын сәтті орындағаннан кейін, Карими өз кезегінде барынша күрделі бағдарламасын көрсетуге шешім қабылдаған.
"Қытайлық спортшы күткеніміздей күрделі бағдарлама көрсете алмаса, өз бағдарламамды толық орындамай-ақ қоямын деп жоспарлағанбыз. Өйткені менің бастапқы бағам онсыз да жеткілікті еді. Бірақ ол бағдарламасын жақсы орындап, барлық элементті толық жасаған соң, біз де барынша күрделі бағдарламаны орындап, оны басып озуға тырысамыз деп шештік. Бүгін тек алтынға ұмтылдық. Жалпы, мен өте қуаныштымын", – деді ол.
Карими финалда ең күрделі элементтердің бірін орындағанын және бұл элементтің ол үшін ерекше маңызға ие болғанын айтты. Өйткені екі ай бұрын дәл осы элементті орындау кезінде жарақат алған.
"Ең күрделі элементтердің бірін қостым. Бір қызығы, осыдан екі ай бұрын дәл осы элементті орындау кезінде жарақат алған едім. Кеуде сүйегім шытынаған еді. Бұл Азия чемпионатының алдында болды. Чемпионатқа бір апта қалғанда жарақат алып, Қытайдан елге қайта оралдым. Сондықтан бүгін сол элементті орындай алғаныма қуаныштымын. Қазір бабымызға қайта келіп жатырмыз, жақында әлем чемпионаты өтеді. Бұл біз үшін өте маңызды жарыс. Сондықтан бүгінгі қателіктің өзі алдағы дайындыққа пайдасын тигізуі мүмкін", – деді Карими.
Еске салайық, Карими бүгін, 25 қыркүйекте, кермедегі жаттығуда төртінші орын алды. Ал бір күн бұрын еркін жаттығуда екінші нәтиже көрсетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:43, 25 қыркүйек 2026
Назым Қызайбай Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліп қалды
-
20:08, 25 қыркүйек 2026
Данангқа ұшпақ болған ұшақта өрт шықты: бортта не болды
-
19:41, 25 қыркүйек 2026
Қарағанды маңында тақтай тиеген Volvo жүк көлігі аударылды: оқиға видеоға түсіп қалған
-
19:35, 25 қыркүйек 2026
«Ұядан бал арасын суырып жеді»: Шығыс Қазақстанда аш аю омартаны талқандады
-
19:21, 25 қыркүйек 2026
Қазақстандық ЖОО-да туберкулез өршіді деген ақпарат тарады





