Данангқа ұшпақ болған ұшақта өрт шықты: бортта не болды

20:08, 25 қыркүйек 2026
MKZ: 1568952

© Фото: unsplash

Инчхон әуежайынан Данангқа ұшуға дайындалып жатқан Air Seoul ұшағының бортында өрт шықты. Алдын ала болжам бойынша, оған пауэрбанк себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yonhap агенттігінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі мәліметінше, өрт 24 қыркүйек күні шамамен сағат 21:00-де ұшақ салонындағы жолаушының орындық астында тұрған сөмкесінен шыққан.

Оқиға бюджеттік әуе тасымалымен айналысатын Air Seoul Inc. әуе компаниясының RS511 рейсінде болған.

"Экипаж мүшелері өртті өздері сөндірді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, жолаушылардың жағдайын тексерді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", – делінген хабарламада.

Ұшақ бортында 221 жолаушы және экипаждың жеті мүшесі болған.

Кейін Air Seoul басқа ұшақ ұсынды. Ол Данангқа екі сағат 50 минут кешігіп ұшып кеткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!