Тарихи сайлау – Президент Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындады
© Фото: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес Президент қаулы етті:
- Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.
- Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық -техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.
Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енді. Осы тарихи оқиғаға орай Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:14, 1 шілде 2026
СҚО-да жол апаты орнында жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасалды
-
15:09, 1 шілде 2026
WhatsApp-тағы қоңырау мен 1414-тен келген хабарлама: ақтөбелік зейнеткер пәтерінен айырылды
-
14:54, 1 шілде 2026
Кейбір алматылықтардың ұялы телефонына дабылды хабарлама келді: не үшін
-
14:45, 1 шілде 2026
Жеңіл жұмыс, қомақты қаржы: Жастар өз өмірлеріне қалай балта шабуда
-
14:39, 1 шілде 2026
Қазақстан халқының саны қаншаға жеткені белгілі болды





