«Уимблдона-2026»: Бублик алғашқы айналымда бес партия ойнап, камбэк жасады
© Сурет: Instagram/BUBLIK
Лондонның 12-кортында теннистен Ұлыбритания Ашық чемпионатының бірінші айналымындағы матч аяқталды. Бұл ретте әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик австралиялық Танаси Коккинакисті бес сетте әупірімдеп жүріп ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандықтың ATP бойынша 491-ракеткасына қарсы матчы 3 сағат 41 минутқа созылды, бұл осы турнирдің стандарттары бойынша өте ұзақ ойын болып саналады.
Бұл күні Бубликке сәттілік бұйырып, ол матч барысын өз пайдасына шеше алды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы тәжірибелі қарсыласын 4:6, 6:3, 6:7 (10:12), 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, "Уимблдонның" екінші айналымына өтті.
Александрдың келесі қарсыласы 25 жастағы француздық Кириан Жаке (№139, ATP) болады.
Бұған дейін Елена Рыбакина әлемнің 154-ракеткасына жол бере жаздағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:47, 30 маусым 2026
Елена Рыбакина әлемнің 154-ракеткасына жол бере жаздады
-
22:36, 30 маусым 2026
Алматыда ауыр жол апаты болды. Адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінді
-
21:51, 30 маусым 2026
Еліміздің басым бөлігінде 1 шілдеде дауылды ескерту жарияланды
-
21:03, 30 маусым 2026
Оралда Lada Priora көлігін ұрлап, қашқандар видеоға түсіп қалған
-
20:17, 30 маусым 2026
Алматыда Lexus көлігінің үстіне ағаш құлады





