Кейбір алматылықтардың ұялы телефонына дабылды хабарлама келді: не үшін
© Фото: pexels
2026 жылғы 1 шілде күні түстен кейін Алматы қаласының кейбір тұрғындарының телефонына "ұлттық ескерту" хабарламасы келді. Жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері нөсер жауын-шашынға байланысты Алматы тауларында сел жүру қаупі сақталып отырғанын ескерткен болатын. Осыған байланысты ТЖМ, "Қазселденқорғау" мекемесі және Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
"Жағдай тұрақты бақылауда. Мамандар сел жүруі мүмкін қауіпті аумақтарды үздіксіз қадағалауда, ал құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда жедел әрекет етуге дайын",- деп мәлімдеді ТЖМ.
Сонымен қатар тұрғындарды дер кезінде хабардар ету мақсатында Наурызбай ауданында жергілікті деңгейде ұлттық ескерту жүйесі іске қосылды.

Сурет: Facebook/Аскар Бажанов
"Бұл – тұрғындарға маңызды ақпаратты уақытында жеткізу үшін қабылданған алдын алу шарасы. Сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз. Қауіпсіздік мақсатында ауа райы тұрақталғанға дейін Іле Алатауының тауларына серуендеуге немесе демалуға бармаған жөн", – деп мәлімдеді ТЖМ.
Ведомство тұрғындарға мынадай қауіпсіздік ережелерін еске салды:
- Егер сіз қазірдің өзінде таулы аймақта болсаңыз және өзеннің жоғарғы ағысында қатты жаңбыр жауып жатса, өзен арналары мен қауіпті жерлерден дереу алыстаңыз. Өзен жағасына, сел жүруі мүмкін сайларға немесе бөгеттердің маңына шатыр тігуге болмайды.
- Есіңізде болсын, сел өте жылдам жүреді. Сондықтан ең маңызды қауіпсіздік шарасы – қауіпті аумақтан алдын ала кету.
Бұған дейін жазғанымыздай, еліміздің басым бөлігінде 1 шілдеде дауылды ескерту жарияланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:06, 1 шілде 2026
Мемлекет басшысы Канада Премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады
-
15:59, 1 шілде 2026
Алматы тауларында сел қаупі: тұрғындар мен туристерге маңызды ескерту жасалды
-
15:48, 1 шілде 2026
1 шілдеден бастап ұлттық валютаның атауы ресми түрде «теңге» болып жазылады
-
15:35, 1 шілде 2026
Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
15:33, 1 шілде 2026
Ер адамдарға әйелдерге жасалатын операциялар рәсімделген: МӘМС қорынан 221 млн теңге жымқырылды





