Зейнеткер әйел телефонына банктік қосымшаны орнатамын деп депозиттегі ақшасынан қағылды

19:37, 30 маусым 2026

© Сурет: pexels

Көкшетау қаласының полиция басқармасына егде әйел өзінің банктік шотынан ақша ұрланғанын айтып, арыз түсірді. Залалдың жалпы сомасы 3,1 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлердің алдын ала нұсқасына сәйкес, зейнеткер бірнеше ай бойы зейнетақы төлемдерін алмаған. Оның телефоны батырмалы болғандықтан, ол мобильді банктік қосымшаны орнату үшін көмек сұрап, қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгінеді. Полиция алаяқтық жасады деп күдіктелген ер адамды анықтады.

Полицейлердің айтуынша, зейнеткердің сенімін пайдаланған ол оның банктік қосымшасына қол жеткізіп, депозиттегі ақшаны көрген. Болжам бойынша, күдікті ақшаның бір бөлігін үшінші тұлғаларға аударып, сондай-ақ зейнеткердің атына несие рәсімдеген, қаражатты өз керегіне жұмсаған.

Бұл туралы зейнеткер банк бөлімшесіне хабарласқаннан кейін біледі, ондағылар оған шотта ақшаның жоқ екендігін айтып, полицияға жүгінуге кеңес береді.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайлары белгілену үстінде".Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері "Чехия мемлекетінде жұмысқа тұрғызып беремін" деп бірнеше азаматты алдап, ірі көлемде қаржы жымқырған 31 жастағы ер адамды ұстағаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!