WhatsApp-тағы қоңырау мен 1414-тен келген хабарлама: ақтөбелік зейнеткер пәтерінен айырылды
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысының 71 жастағы тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны болып, олардың айтқанына сеніп несие рәсімдеп, кейін өз пәтерін сатып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мәліметінше, алдымен әйелге WhatsApp арқылы өзін "Энерго Снаб" ЖШС-нің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласқан. Ол электр есептегішін ауыстыруды сылтауратып, 1414 нөмірінен келген растау кодын айтуды сұраған.
Одан кейін зейнеткерге өзін eGov.kz порталының қызметкері және Ұлттық банктің қауіпсіздік қызметінің өкілі ретінде таныстырған алаяқтар хабарласып, оның ақшасын ұрламақ болғандар бар екенін айтып, қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуға көндірген.
"Алаяқтардың нұсқауын орындаған әйел 500 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп, ақшаны олардың есепшотына аударған. Кейін қаскөйлер мүлкін "сақтап қалу" үшін пәтерін шұғыл сатуы қажет екеніне сендірген. Олардың сөзіне сенген зейнеткер баспанасын 7,5 миллион теңгеге сатып, түскен қаражаттың бір бөлігін банк арқылы аударса, қалғанын курьер арқылы берген. Банк қызметкерлері әйелді алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін екенін ескертіп, ақша аудармауға көндіруге тырысқанымен, ол алаяқтардың ықпалында болғандықтан қаражатты бәрібір аударып жіберген, – деп хабарлады полиция.
Полиция департаменті азаматтарды егде жастағы туыстарымен мұндай алаяқтық схемалары туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.
"Оларға мемлекеттік органдардың, банктердің және коммуналдық қызметтердің қызметкерлері ешқашан SMS арқылы келген кодтарды айтуды, несие рәсімдеуді, ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аударуды немесе мүлкін сатуды талап етпейтінін ескертіңіздер. Осындай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, полицияға хабарласу қажет, – деп ескертті құқық қорғау органдары.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық WhatsApp мессенджерінде танысымен хат алмасып отырмын деп ойлап, 3,5 миллион теңгесінен айырылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:40, 1 шілде 2026
Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» алғашқы жаттығулары қалай өтуде - «Қайрат» клубының президенті көріп қайтты
-
16:33, 1 шілде 2026
Адам құқықтары – басты құндылық: Қазақстанның жаңа Конституциясында қандай тарихи өзгерістер күшіне енді
-
16:24, 1 шілде 2026
Доллар бағамы 1 шілдегі сауда-саттықта тағы төмендеді
-
16:17, 1 шілде 2026
Тарихи рақымшылық: Қазақстанда 1 миллион айыппұл кешіріліп, мыңдаған сотталған азамат босатылады
-
16:10, 1 шілде 2026
2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды





