Мемлекет басшысы Конго президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

19:15, 30 маусым 2026

© Сурет: zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 30 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбо мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын хабарлады.


"Президент еліміз Конго Демократиялық Республикасын Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Конго Демократиялық Республикасының халқына құт-береке тіледі", делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев РФ президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!