«Аптап ыстық, нөсер жаңбыр». Еліміз бойынша 1 шілдеге арналған ауа райы болжамы
© Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан аумағы бойынша алдағы сәрсенбі, 2026 жылдың 1 шілдесіне арналған ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес, күндіз мына өңірлерде 36-37 градус ыстық болады:
- Шығыс Қазақстан облысы,
- Абай облысы.
"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, жекелеген аудандарда нөсер жаңбыр болады. Республика бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, сонымен қатар оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сондай-ақ бірқатар өңірлерде өрт қаупі күтіледі:
- жоғары өрт қаупі - Алматы облысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, Солтүстік-Казақстан облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында.
- төтенше өрт қаупі - Жетісу, Абай, облыстарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Ақмола облысының шығысында, орталығында, Павлодар облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Атырау, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде.
Бұған дейін синоптиктер 30 маусым, сейсенбі күні Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болатынын ескерткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:58, 30 маусым 2026
Саин көшесіндегі көлік кептелісі: Алматы билігі қандай шешім қабылдады
-
19:37, 30 маусым 2026
Зейнеткер әйел телефонына банктік қосымшаны орнатамын деп депозиттегі ақшасынан қағылды
-
19:27, 30 маусым 2026
Ақмола облысында жанар-жағармай құю станциясы тоналды
-
19:15, 30 маусым 2026
Мемлекет басшысы Конго президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
-
18:59, 30 маусым 2026
Қытайда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі басталады - ұлттық құрама тізімі





