Таразда талдарды цифрландыру жұмыстары жүргізілуде
© Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысындағы 371 елді мекенде 163 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны орналасқан. Оның 159-ы коммуналдық меншікте болса, төртеуі жеке кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берілген.
Сонымен қатар экология департаменті тарапынан кездейсоқ тұрмыстық қатты қалдықтардың орнын анықтау мақсатында "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның бағдарламасы арқылы ғарыштық мониторинг түсірілімі жүргізіліп, нәтижесінде 343 кездейсоқ қоқыс учаскілері анықталып, толық жойылған.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ Тараз қаласы аумағындағы талдарды цифрландыру жұмыстары да қарқынды түрде жүзеге асуда. Жалпы "Таза Қазақстан" акциясы аясында Әулиеата өңірінде ауыз толтырып айтарлықтай бастамалар қолға алынған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылдан бастап "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы бастау алды. Экологиялық акция шеңберінде облысымыызда "Таза өлке", "Киелі мекен", "Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ", "Мөлдір бұлақ" акциялары өткізілді."

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 137,5 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 875 тонна қоқыс шығарылып, 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды. Жалпы 1 110 бірлік техника жұмылдырылды.
Ағымдағы жылдың 15 наурыз – 20 сәуір аралығында облыс аумағында "TazaLike" акциясын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары облыс әкімімен бекітілді. Жалпы облыс деңгейінде 15 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде жасыл желектерді отырғызуға қатысты 7 акция өткізілетін болады.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Іс-шара жоспарына сәйкес 15 наурыз күні Тараз қаласы мен барлық аудандарда жаппай сенбілік ұйымдастырылып, мектеп оқушыларымен "Болашақты бірге отырғызамыз" акциясы өтіп, 28,9 мың тал ағашы отырғызылды. Бұл шараға барлық 381 мектептен 47,8 мың оқушы қатысты.
Сонымен қатар Тараз қаласында "Jambyl Cement" компаниясымен 3,6 мың көшет, "Тараз металлургиялық зауыты" тарапынан 10 мың көшет және "Qazaq Soda" компаниясымен Сарысу ауданында 27 мың көшет отырғызу жоспарланған. Сондай-ақ "Жасыл белдеу" өңірлік жоспарына сәйкес Тараз қаласы мен аудандарда 195 мың жасыл желектер отырғызылатын болады,-дейді Қанатбек Қайшыбекұлы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:30, 21 наурыз 2025
Балқашта кенеттен мінез танытқан түйе адамдарды таптап кете жаздады
-
22:54, 21 наурыз 2025
Наурыз мейрамында Астана мен 14 өңірде ауа райы бұзылып, жауын-шашын болады деп болжанады
-
22:20, 21 наурыз 2025
Алматы тауларында жарылыстар жүргізілді
-
21:59, 21 наурыз 2025
Чемпион Алуа Балқыбекова өз отбасындағы қиын жағдаймен бөлісті
-
21:44, 21 наурыз 2025
«Көбісі Шымкентке тұрады». Қазақстанда 1,5 мыңға жуық адам Наурыз деген есімге ие
Танымал жаңалықтар
-
09:02, 21 наурыз 2025
-
09:15, 21 наурыз 2025
-
09:38, 21 наурыз 2025
-
09:56, 21 наурыз 2025
-
09:22, 21 наурыз 2025
-
11:08, 21 наурыз 2025
-
10:40, 21 наурыз 2025
-
09:49, 21 наурыз 2025
-
10:27, 21 наурыз 2025
-
11:34, 21 наурыз 2025
-
12:30, 21 наурыз 2025
-
13:12, 21 наурыз 2025
-
11:20, 21 наурыз 2025
-
12:59, 21 наурыз 2025
-
13:01, 21 наурыз 2025