Суды көп пайдаланатындарға тариф қымбаттады
© Сурет: pixabay
Елімізде суды үнемдеу тетіктері заңда жазылады. Сенаттың қарауына түскен су кодексі жаңа су қорларын анықтауға емес, бұрынғыларын қорғауға негізделген. Бұл құжат Президент тапсырмасына сай әзірленіп жатыр.
Өзен көлдердің, су қоймаларының гидротехникалық құрылыстардың жағдайынан бастап, әр үйге келетін ауыз суға дейін осы кодекс арқылы реттеледі. Оңғар Алпысбайұлы толықтырып айтады.
Ауыз судың тапшылығы жыл санап арта беретіні айтылып жүр. Әсіресе Орталық Азияда мәселе өзекті. Қазақстанда бұл мәселені шешуді бастап кетті. Соның бірі тариф, деп жазады qazaqstan.tv.
Бір адамға айына 3 текше метр су базалық тарифпен сатылады. Одан сәл асыра пайдаланғандарға 20 пайыз қымбаттайды. 5 пен 10 текше метр арасындағы су базалық бағадан 50 пайыз қымбат болады. Ал бір адам айына 10 текше метрден артық су пайдаланса базалық бағадан 2 есе қымбат төлеу керек болады. Есептеу құрылғысы жоқтар да қымбат төлеулеріне тура келеді.
"Қазіргі талдау көрсетіп жатыр айына бүгінгі күні сол облыстарда 9 облыс енгізілген. Айына 1 млн 600 мың текше метрге дейін су үнемделді. Қосымша 800 мыңға дейін қосымша қаражат түсті. Ол енді инвестицияға, су жүйесін қалпына келтіруге жұмсауға мүмкіндік алды." Нұржан Нұржігітов, ҚР су ресурстары және ирригация министрі
Мемлекеттік органдардың міндеті қайта бөлінді
Қазақстандағы өндіріс орындары жылына 6 млрд текше метр су пайдаланады. Соның 800 миллионы яғни 12 пайызы ғана суды қайта тазартып пайдаланады. Министр 2030 жылға дейін екінші мәрте пайдаланылатын судың үлесін 30 пайызға жеткіземіз деп отыр. Жалпы, соңғы жылдардағы оқиғалар, соның ішінде былтырғы су тасқыны су ресурстарын басқару жүйесін реформалаудың маңыздылығын тағы да дәлелдеді. Құжат аясында су ресурстарын кешенді басқарудың бас жоспары әзірленеді. Әр мемлекеттік органның міндеті белгіленеді.
"Суды пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау, осы саладағы рұқсат беру ережелері және кейбір мемлекеттік органдардың өкілеттіктері нақтыланды. Жалпы, жаңа кодекс су ресурстарын тиімді пайдалануға сондай-ақ жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізуге мүмкіндік береді деп сенеміз." Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы
Су шаруашылығын цифрландыру үшін Ұлттық ақпараттық жүйе құрылмақ. Ал гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қатаң тексерулер ұйымдастырылып, қауіпсіздік стандарттары бекітіледі. Құжатты талқылау кезінде Сенат депутаттары тарапынан да бірнеше ұсыныс енгізіліп, заң жобасы мәжіліске кері қайтарылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:25, 22 наурыз 2025
Черчесов футболдан Қазақстан құрамасына сәттілік тілеп, қазақша құттықтау жолдады
-
14:10, 22 наурыз 2025
Астанада Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланып жатыр
-
14:10, 22 наурыз 2025
Астанада 22 наурызда Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланып жатыр
-
13:57, 22 наурыз 2025
Ұлттық киім киіп, көшеге шыққан Ақтау тұрғындары әлемдік рекорд орнатты
-
13:44, 22 наурыз 2025
Астана мен Қарағанды арасында жолаушылар пойызы вагондарының бірінде өрт болды
Танымал жаңалықтар
-
19:32, 21 наурыз 2025
-
21:59, 21 наурыз 2025
-
15:11, 21 наурыз 2025
-
20:42, 21 наурыз 2025
-
17:31, 21 наурыз 2025
-
17:00, 21 наурыз 2025
-
17:47, 21 наурыз 2025
-
16:23, 21 наурыз 2025
-
20:58, 21 наурыз 2025
-
21:44, 21 наурыз 2025
-
16:47, 21 наурыз 2025
-
19:10, 21 наурыз 2025
-
17:58, 21 наурыз 2025
-
18:46, 21 наурыз 2025
-
22:54, 21 наурыз 2025