Наурыз мейрамында Астана мен 14 өңірде ауа райы бұзылып, жауын-шашын болады деп болжанады
© Сурет: unsplash
Синоптиктер 22 наурызда Астана мен еліміздің 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, аздап жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. Қонаевта оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Астанада көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Түнде Абай облысында жаяу бұрқасын жүріп, облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 25 м/с дейін жетеді. Семейде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында көктайғақ, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Бұған дейін еліміздегі ірі үш қала бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:34, 23 наурыз 2025
Елордада 20 автобус бағыты қозғалыс сызбасын уақытша өзгертеді
-
19:01, 23 наурыз 2025
Босанғаннан кейінгі күйзеліс: Атыраулық әйел екі баласын тұншықтырып өлтірген
-
18:23, 23 наурыз 2025
Елдің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады: 24 наурызға арналған ауа райы болжамы
-
17:52, 23 наурыз 2025
Найзағай мен қар: 24-26 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтіледі
-
17:17, 23 наурыз 2025
Павлодар облысында бәйге кезінде жас шабандоз аттан құлап, жарақат алды
Танымал жаңалықтар
-
09:00, 23 наурыз 2025
-
09:26, 23 наурыз 2025
-
09:55, 23 наурыз 2025
-
10:34, 23 наурыз 2025
-
10:59, 23 наурыз 2025
-
10:17, 23 наурыз 2025
-
11:22, 23 наурыз 2025
-
11:56, 23 наурыз 2025
-
12:19, 23 наурыз 2025
-
12:45, 23 наурыз 2025
-
13:58, 23 наурыз 2025
-
13:11, 23 наурыз 2025
-
15:49, 23 наурыз 2025
-
13:39, 23 наурыз 2025
-
14:51, 23 наурыз 2025