ІІМ есірткі жарнамасына қарсы белсенді күресті жалғастыруда

11:08, 21 наурыз 2025

© Сурет: ҚР ІІМ

Ішкі істер министрлігі көшелердегі жарнамалар арқылы есірткінің таралуын болдырмау үшін қарқынды жұмыс жүргізіп келеді.

2024 жылы 1700-ден астам рейд жүргізіліп, оған 13 мыңнан астам ерікті қатысты.

Полиция мен белсенді азаматтардың бірлескен жұмысының арқасында бүкіл ел бойынша 44 мыңнан астам есірткі граффити жойылды.

2025 жылдың екі айында үш мың еріктінің қатысуымен 336 рейд өткізілді.

11 мың граффити-сурет өшірілді. ІІО мен еріктілердің үйлесімді жұмысы қоғамды есірткі заттарымен байланысты қауіптерден қорғауға көмектеседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!