ШҚО-да шекаралық аудандардың әлеуеті артады

11:20, 21 наурыз 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Шығыс Қазақстан облысындағы қайта құрылға аудандарды жан-жақты дамытудың нақты жобасы жасалды.

Былтырдан бері инфроқұрылым мен ғимараттар жөнделіп, жаңадан ашылған мекемелерге мамандар алып, оларды баспанамен қамту мәселесі шешіліп жатыр.

Көмек болып жатқанын былтырдан бері жөнделіп жатқан ғимараттардан да көруге болады. Марқакөл бұрын төрт түлігі түлген ауыл болатын.Бірақ соңғы 25 жылда әбден жүдеген.Дегенмен Президенттің аудан етіп қайта құру туралы жарлығы шыққан соң елдің үміті үдеген. Көші-қон да тоқтады. Былтыр республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге бөлініп 8 ғимарат жөнделді.Оған мемлекеттік мекемелер қоныстанды. Қазір де бірнешеуі жаңғыртылып жатыр.

"Қыс бойы үзбей жұмыс жасадық. Тоқтамай. Нәтижесінде өздеріңіз көргендей жақсы ғимарат болып шықты. Қазіргі қалған жұмыстарымыз сол ішін жуып-шайып, тапсыруға дайынаду жұмыстары қалды." Ердан Далабаев, құрылысшы

Облыста шекаралық ауданды дамытудың төрт жылдық кешенді жоспары жасалды. Ол өнідіріс, ауыл шаруашылығы,туризм. Жеке кәсіпкерлерді қолдауға басымдық беріледі. Ал ауылдан көшпей бұрын кәсіп ашқандар енді кеңейтіп жатыр.

Аудан ашылғаны өте кермет жақсы болды. Өйткені халық саны көбейіп жатыр. Жастар келіп жатыр. Ауданымыз көркейіп жатыр. Біздің де жұмысымыз ұлғайып, өсе бастады. Сұранысқа байланысты нанымызды үлкейтеміз. Ләззат Жақсыбаева, кәсіпкерЛәззат Жақсыбаева, кәсіпкер:

Бүгінге дейін ауданның аумақтық шекарасы анықталып, ауылдардың құжаты жасалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!