Чемпион Алуа Балқыбекова өз отбасындағы қиын жағдаймен бөлісті
© Сурет: olympic.kz
Бокстан Әлем чемпионатында күні кеше алтыннан жүлде тағынған Алуа Балқыбекова өз отбасындағы қиыншылықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Youtube-тегі Спорт министрі арнасының тілшісі Алуадан осы жарыста алатын сыйақысын қайда жұмсайтынын сұрады. Ол көп кідірместен әкесіне көлік сатып алып бергісі келетінін айтты.
"Бертінде анам дүниеден озған соң Тараздан Алматыға көшіп келген едік. Баспананы ипотекалық несиеге тіркеттік. Сол кезде қатты қиналдық. Қарызға кіріп кеттік. Бұл - әлем чемпионатына дейін болған жағдай. Сол кезде әкем көлігін сатты, менің әлем чемпионатына баруым үшін", - дейді спортшы ішкі эмоцияларын сыртқа білдірмеуге барынша тырысып.
Сондай-ақ ол қазір де сол үйде тұрып жатқандарын, отбасында әкесі, әпкесі және жиенін қоса алғанда төрт жан екендерін айтады.
Бұған дейін Сербияда бокстан өткен Әлем чемпионатында жүлделі болған сұлуларымыздың қанша гонорар алатынын жазған болатынбыз. Аталған додада қыздарымыз үш алтын медаль, екі күміс медаль және бір қола медаль еншілеген болатын. Алуа Балқыбекова алтын медаль иеленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:34, 23 наурыз 2025
Елордада 20 автобус бағыты қозғалыс сызбасын уақытша өзгертеді
-
19:01, 23 наурыз 2025
Босанғаннан кейінгі күйзеліс: Атыраулық әйел екі баласын тұншықтырып өлтірген
-
18:23, 23 наурыз 2025
Елдің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады: 24 наурызға арналған ауа райы болжамы
-
17:52, 23 наурыз 2025
Найзағай мен қар: 24-26 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтіледі
-
17:17, 23 наурыз 2025
Павлодар облысында бәйге кезінде жас шабандоз аттан құлап, жарақат алды
Танымал жаңалықтар
-
09:00, 23 наурыз 2025
-
09:26, 23 наурыз 2025
-
09:55, 23 наурыз 2025
-
10:34, 23 наурыз 2025
-
10:17, 23 наурыз 2025
-
10:59, 23 наурыз 2025
-
11:22, 23 наурыз 2025
-
11:56, 23 наурыз 2025
-
12:19, 23 наурыз 2025
-
12:45, 23 наурыз 2025
-
13:11, 23 наурыз 2025
-
13:58, 23 наурыз 2025
-
13:39, 23 наурыз 2025
-
14:51, 23 наурыз 2025
-
15:49, 23 наурыз 2025