Танымал қазақстандық блогер Дархан Жолшыбек сот арқылы алимент төлеуге мәжбүр болды
© Фото: zakon.kz
Танымал қазақстандық блогер Дархан Жолшыбек баласына алимент төлемес үшін жалақысын 70 мың деп көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
С., Алматының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына баланың әкесі Дархан Жолшыбековтің танымал блогер бола тұра, басқа да табыстары болса да, 20 мың теңге алимент төлейтіні туралы уәжбен жүгінген.
Сот анықтағандай, бұрын сот шешімімен Жолшыбековтің кәмелетке толмаған баласы А-ға қатысты әке болуы белгіленіп, оның тапқан табысының және (өзге) табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген.
Істі қарау барысында баланың әкесі Жолшыбеков жалақысы 70 000 теңге көлемін құрайтыны туралы анықтама ұсынған.
Осы орайда, банк анықтамаларынан Жолшыбековтің есепшотында қомақты ақша қаражаттары бар екені, қымбат заттар сатып алатыны, туризм және демалыс мақсатында республикадан тыс жерлерге жиі шығатыны анықталды.
"Сот іс бойынша анықталған мән-жайларды, оның ішінде жауапкердің басқа да кірістерін ескере отырып, баланың мүддесін ескере отырып, Жолшыбеков дан талап қоюшы С.-ның пайдасына 30 АЕК тұрақты сомада алимент өндіру туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:44, 14 ақпан 2026
Қазақстандық биатлоншы қыздар Олимпиада ойындарында өнерін аяқтады
-
22:41, 14 ақпан 2026
Қазақстандық конькимен жүгіруші қыздар Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады
-
22:35, 14 ақпан 2026
Евгений Кошкин 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді
-
19:30, 14 ақпан 2026
Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне байланысты блок-бекеттер қойылады
-
19:24, 14 ақпан 2026
Павлодар облысындағы қайғылы жағдай: екі адамның мәйіті табылды





