Петропавлда ер адам көпшіліктің көзінше өз-өзіне қол салды
© Фото: unsplash
Петропавлда жағаұстатарлық жайт болды, ер адам мас күйде көпшіліктің көзінше суицид жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгерлердің сөзінше, қайғылы оқиға 12-наурыз күні кешкі алты кезінде орын алған. Qazaqstan Media дерегіне сүйенсек, мас күйде болған ер адам өзінің тамағын тіліп жіберген. Бұны көрген тұрғындар бірден жедел жәрдем бригадасын шақырғанымен, марқұмды аман алып қалу мүмкін болмады.
"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі жұмыстар басталды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр", — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға орын алған жатақхана тұрғындардың сөзінше, аталған орында жиі төбелес,шу болады екен. Мас күйдегі адамдар да көп жүретін көрінеді.
Бұған дейін Алматыда мас күйдегі жүргізуші жол апатына себеп болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:24, 13 наурыз 2026
БҚО-да жеке тұрғын үйдің еденінің астынан 16 жылан табылған
-
20:09, 13 наурыз 2026
Жасанды бет-бейне мен дауыс: қазақстандықтарға жаңа қауіп туралы ескертілді
-
19:52, 13 наурыз 2026
Бурабайды қоқыс басып қалған: қыс бойы қанша қалдық шығарылды
-
19:38, 13 наурыз 2026
Жаңа прогрессивті Конституция – бірлігіміздің негізі: Атырау облысы әкімінің орынбасары жастармен кездесті
-
19:21, 13 наурыз 2026
Тоқаев Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ербол Хамитовты құттықтады





