Қазақстанды ғарыштан тағы да түсірді

11:07, 13 наурыз 2026

© Сурет: Instagram/olegmks

Қазақстан аумағы ғарыштан тағы бір рет түсірілді. Бұл жолы объективке Балқаш көлі ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Суреттермен 2026 жылғы 13 наурызда ресейлік ғарышкер Олег Артемьев бөлісті. Оның жариялаған топтамасы әр жылдары Халықаралық ғарыш станциясының бортынан түсірілген бірнеше кадрдан тұрады.

"Сіздер үшін ХҒС бортынан әр жылдары түсірілген көркем Балқаштың суреттер топтамасын дайындадым. Қайсысы сізге көбірек ұнады?" – деп жазды ғарышкер.

Желі қолданушылары жазбаға белсенді пікір қалдырды:

  • "Керемет!"
  • "Thanks!"
  • "Тағы да сүйікті Қазақстан мен Балқаш! Біреуін таңдау қиын, бәрі де әдемі".
  • "Қазақстаннан сәлем!"
  • "Рақмет. Мен Балқаш қаласынанмын".
  • "Балқаштан 400 км жерде – Қарағандыда тұрамын. Екінші сурет ерекше".

Айта кетейік, ақпан айында Олег Артемьев Балқаш көлінің үстінен Халықаралық ғарыш станциясының ұшып өткен сәтін видеоға түсіріп, жариялаған еді. Ол да қазақстандықтарды тәнті еткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!