Ақтөбеде қоқыстан табылған адамның денесіне қатысты іс қозғалды
© Фото: zakon.kz
Ақтөбеде қоқыс арасынан адамның денесі табылды. Қытайдың ала дорбасына салынған мәйіт қоқыста бірнеше күн жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қоқыс алаңы қаладағы 33 мектептің маңында орналасқан. Сол жердегі аула сыпырушы ала дорбаның жатқанын бірнеше күннен бері көрген. Ақыры қолқаны қабатын иісі айналаға жайылып кеткен. Басында өлген ит немесе малдың еті ме деп ойлаған. Сонда да сезіктеніп полицияға хабар беріпті. Ал дорбаның ішінде ер адамның денесі болған. Тәртіп сақшылары денені сараптамаға алып кеткен. Қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру, тергеу, істің мән-жайын анықтау шараcы басталғанын айтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:24, 13 наурыз 2026
БҚО-да жеке тұрғын үйдің еденінің астынан 16 жылан табылған
-
20:09, 13 наурыз 2026
Жасанды бет-бейне мен дауыс: қазақстандықтарға жаңа қауіп туралы ескертілді
-
19:52, 13 наурыз 2026
Бурабайды қоқыс басып қалған: қыс бойы қанша қалдық шығарылды
-
19:38, 13 наурыз 2026
Жаңа прогрессивті Конституция – бірлігіміздің негізі: Атырау облысы әкімінің орынбасары жастармен кездесті
-
19:21, 13 наурыз 2026
Тоқаев Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ербол Хамитовты құттықтады





