Жайық өзеніндегі қауіпті жағдай: полиция Атырау облысының тұрғындарына үндеу жасады
© Сурет: freepik
Жайық өзеніндегі мұз жұқара бастады, бұл азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның хабарлауынша, Жайық өзенінде көктемгі кезеңге байланысты мұз қабаты жұқарып, кей жерлерде қауіпті жағдай қалыптасып жатыр.
Осыған орай Атырау облысы полиция департаментінің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері өзен бойында балықшылармен кездесіп, ескерту жұмыстарын жүргізді.
Әңгімелесу барысында сақшылар балықшыларға қауіптің алдын алу мақсатында бірқатар кеңес берді.
Сондай-ақ азаматтарға көктем мезгілінде өзен жағасында барынша сақтық танытып, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау қажеттігі жеткізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:29, 15 сәуір 2026
Мәжіліс депутаты жалған марапаттар мен ордендерді шектеуді ұсынды
-
16:14, 15 сәуір 2026
Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді
-
16:06, 15 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Ретно Марсудиді қабылдады
-
15:54, 15 сәуір 2026
15 сәуірдегі саудада доллар арзандады
-
15:47, 15 сәуір 2026
ІІМ жол қауіпсіздігін бақылауды күшейтті





