Жамбыл облысында оқушы қыздардың төбелесіне қатысты полиция мәлімдеме жасады
© Сурет: freepik
Әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларының төбелесі кезінде біреудің кастет қолданғаны туралы ақпарат тарады. Бұл қауесетке Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккен оқушы үйінде амбулаторлық ем қабылдап жатыр.
Полицияның дерегінше, төбелес кезінде кастет қолданылғаны туралы ақпарат расталмаған.
"Оқушылар арасындағы төбелес фактісі бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жасөспірімдердің әрекеті Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралып, нәтижесінде олар профилактикалық есепке қойылды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:57, 2 мамыр 2026
Сүт өнімдерінен бас тарту ішек обырының қаупін арттыруы мүмкін – дәрігерлер
-
14:21, 2 мамыр 2026
Таразда жоғары сынып оқушысы биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды
-
13:53, 2 мамыр 2026
Ақтаулық құтқарушылар жанып жатқан үйден 14 адамды эвакуациялады
-
13:19, 2 мамыр 2026
Түркияда жолаушылар автобусы аударылып, үш адам қаза тапты
-
12:45, 2 мамыр 2026
2 мамырдағы Астана мен Алматыдағы валюта бағамы





