Тамыз айында Қазақстанның 12 өңіріне құрғақшылық қаупі төніп тұр
© Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын ұсынды. Жаздың соңғы айында еліміздің бірден 12 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 тамызда гидрометеорологиялық орталықтың сайтында жарияланған болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстігінде жаз соңында құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары.
Атап айтқанда, тамыз айында мына облыстарда құрғақшылық күтіледі:
- Батыс Қазақстан облысында – Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық, Қаратөбе және Бөкей ордасы аудандарында;
- Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
- Қостанай облысында – Амангелді және Жангелдин аудандарында;
- Қарағанды облысында – Ақтоғай ауданында;
- Абай облысында – Аягөз және Үржар аудандарында;
- Алматы облысында – Балқаш және Жамбыл аудандарында;
- Қызылорда облысында – Арал, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында;
- Атырау облысында – Махамбет, Исатай, Дамбы және Қызылқоға аудандарында;
Сонымен қатар, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының көп бөлігінде құрғақшылық күтіледі.
Орташа ылғалды жағдайлар болжануда:
- Қостанай облысында – Ұзынкөл, Меңдіқара, Сарыкөл және Әулиекөл аудандарында;
- Солтүстік Қазақстан облысында – Жамбыл, Тайынша, Тимирязев аудандарында, сондай-ақ Ғ. Мүсірепов, М. Жұмабаев және Шал ақын аудандарында.
"Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады", – деп қорытындылады "Қазгидромет" РМК мамандары.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады
-
13:20, 15 желтоқсан 2025
Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болды
-
13:15, 15 желтоқсан 2025
Байқоңырдан «Протон» зымыранын ұшыру техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды





