Талғардың шетінен Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды
© Сурет: Zakon.kz
Талғардың шетінен Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
"Талғар маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған", - делінген хабарламада.
Марқұмның осы жылғы 4 қазанда бір топ кісі қолынан тапқан Шерзат Полаттың ағасы екені белгілі болды.
Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полицейлер марқұмның отбасы осы кезге дейін полицияның қорғауында екенін атап өтті. Марқұмның отбасына ешқандай қауіп төнбеген.
"Осы уақытқа дейін отбасына қандай да бір қоқан-лоқы жасау дерегі тіркелмеді. Күзет қызметіндегі қызметкерлердің түсініктемесі бойынша ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кетіп қалған, - делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:44, 14 қаңтар 2025
14 қаңтардағы саудада доллар тағы өсті
-
15:30, 14 қаңтар 2025
«Қорғас» ШЫХО кіру және шығу үшін қандай құжаттар қажет: Қазақстан азаматтары үшін маңызды ақпарат
-
15:19, 14 қаңтар 2025
Қазақстан Қырғызстандағы курорттық нысандарды жалға алу бойынша міндеттемелерінің мерзімін ұзартады
-
15:09, 14 қаңтар 2025
Иран ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесін алды
-
14:57, 14 қаңтар 2025
ЕАЭО сотына жүгіну үшін алым сомасы бекітілді