Талаптар бұзылса, санкция қолданылуы мүмкін: Қазақстан қандай шарттармен қарыз алады
© Фото: pix4free
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 23 қыркүйекте Құрылтайдағы брифингте Қазақстанның Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 6 млрд долларды қандай шарттармен алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Қазақстан ұзақ мерзімді қаржыны банкке мүше өзге елдермен бірдей шарттар негізінде тартады.
"Банкте, қателеспесем, 106 ел бар. Барлығына қойылатын талап бірдей. Негізгі талаптар – ашықтық, тиімділік, әдеп пен адалдық. Сыбайлас жемқорлық пен сөз байласуға қарсы күреске, экологиялық және әлеуметтік стандарттарға, жергілікті қоғамдастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Банктің өз сараптама тетіктері бар. Талаптар бұзылған жағдайда жобаға қатысушыларға санкция қолданылуы мүмкін", – деді Серік Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, қарыз есебінен жүзеге асырылатын жобаларда отандық жеткізушілерге жеңілдік беріледі.
"Конкурс кезінде қатысушыларға ұпай беріледі. Егер шетелдік жеткізуші 58 ұпай жинаса, өз техникасы бар қазақстандық жеткізуші 100 ұпай жинайды", – деп қосты ол.
Бұған дейін Қазақстанның Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 6 млрд доллар көлемінде қарыз алуды жоспарлап отырғаны туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:50, 23 қыркүйек 2026
23 қыркүйектегі саудада доллар бағамы тағы төмендеді
-
15:43, 23 қыркүйек 2026
Депутат түнгі жарыстарға бақылауды күшейтуді ұсынды
-
15:37, 23 қыркүйек 2026
Денсаулық сақтау министрлігі дәріні тексеру және оны мемлекет есебінен қалай алуға болатынын түсіндірді
-
15:30, 23 қыркүйек 2026
Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы: Қасым-Жомарт Тоқаев не айтты
-
15:24, 23 қыркүйек 2026
ШҚО-ның 21 жастағы тұрғынынан қазақстандық құжаттары алынды: себебі неде





