Газгольдер жарылып, алапат өрт шықты: Семейде не болып жатыр

19:20, 22 қыркүйек 2026
MKZ: 1568279

© Фото: Zakon.kz

Семейдің Солтүстік ауданында Сосновая көшесінде бір қабатты автожуу ғимараты ашық жалынмен өртеніп жатыр. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін газгольдер жарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке жүк көлігі мен екі жеке тұрғын үй де оранған. Өрттің аумағы анықталып жатыр.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Оқиға орнында судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етіліп, өрт сөндіру оқпандары іске қосылды. Күштер мен құралдардың жұмысын үйлестіру үшін өрт сөндіру штабы құрылды.

Қазіргі уақытта ТЖМ күштері мен құралдары жоғары ранг бойынша жұмыс істеп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!