Шетелдіктен ақша алдап алмақ болған ҰҚК-нің екі қызметкері сотталды
© Фото: Zakon.kz
ҰҚК Шекара қызметі департаментінің жедел уәкілдері шетелдікті Қазақстаннан заң бұзғаны үшін шығарып жібереміз деп қорқытып, мәселені "бастыққа миллион теңге беру" арқылы шешуді ұсынған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Диапазон" басылымы Ақтөбе гарнизонының әскери сотына сілтеме жасап хабарлағандай, БҚО бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің анықтау бөлімінде Әзербайжан азаматына қатысты мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс тергелген. Анықтаушы департаменттің қарсы барлау және барлау қызметі басқармасының жедел уәкіліне шетелдікке көмектескен адамдарды анықтауды тапсырған.
"Жедел уәкіл Жасұлан Оңдабай Әзербайжан азаматының екі танысын тауып, олардан куәгер ретінде жауап алған. Олар күдіктімен бірге Батыс Қазақстан облысындағы Жақсыбай шекара маңындағы ауылына барғанын айтқан. Куәгерлердің бірі Қазақстан азаматы, екіншісі Әзербайжан азаматы болған. Жедел уәкіл шетелдікті мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін әкімшілік жолмен елден шығарып жібереміз деп қорқытып, бір миллион теңге берсе, жазадан құтыла алатынын айтып алдау туралы ойға келген. Жедел уәкіл бұл жоспарын сол басқармадағы әріптесі Жандос Ахметбековке айтып, ол да қылмысқа бірге баруға келіскен. Бейресми кездесуде Жасұлан Оңдабай шетелдікке Қазақстаннан шығарылуы мүмкін екенін, бірақ "миллион теңгеге мәселені шешуге болатынын" айтқан. Оның сөзінше, бұл ақшаны әлдебір "бастық" алуы тиіс болған. Шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін пара беруге дайын екенін айтқан. Жандос Ахметбеков Ресей банктерінің деректемелерін ұсынған, шетелдік солардың біріне соманың бір бөлігін – 30 мың рубль аударған", – делінген қылмыстық іс материалдарында.
Нәтижесінде ҰҚК қызметкерлері Жасұлан Оңдабай мен Жандос Ахметбековті ұстады. Оларға алаяқтық және пара беруге айдап салу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс Ақтөбе гарнизонының әскери сотында қаралды. Айыпталушылар кінәсін мойындамады.
Сот үкімімен Жасұлан Оңдабай сегіз жылға, ал Жандос Ахметбеков жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуіне де мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:11, 22 қыркүйек 2026
Қазақстандық екі спортшы ушудан Азия ойындарының жартылай финалына өтті
-
19:53, 22 қыркүйек 2026
Арсен Жақанбаев ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды
-
19:51, 22 қыркүйек 2026
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
-
19:46, 22 қыркүйек 2026
Қостанайда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген тиегіш жүргізушісі сотталды
-
19:20, 22 қыркүйек 2026
Газгольдер жарылып, алапат өрт шықты: Семейде не болып жатыр





