Ержан Ертаев энергетика вице-министрі болып тағайындалды
© Сурет: primeminister.kz
Үкімет қаулысымен Ержан Ертаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 22 қыркүйекте Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ержан Ертаев 1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Инновациялық Еуразия университетін, Анхальт қолданбалы ғылымдар университетін бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы жеке құрылымда электр механигі болып бастаған.
2009–2013 жылдары — Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Энергетика бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.
2013–2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті басқармасының бас сарапшысы, басшысы.
2015–2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша аумақтық департаменттерінің басшысы.
2018–2020 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі комитеті төрағасының орынбасары.
2020–2021 жылдары — Павлодар облысы Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы.
2021–2022 жылдары — "Самұрық-энерго" басқарма төрағасы аппаратының басшысы.
2022–2023 жылдары — "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС бас директоры.
2023–2024 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2024 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Бұған дейін, 2026 жылғы 3 қыркүйекте Ерлан Ақкенженов Қазақстанның энергетика министрі қызметіне қайта тағайындалғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 22 қыркүйек 2026
Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды
-
17:33, 22 қыркүйек 2026
Астанада бейнебақылау камерасы халықаралық іздеудегі адамды «ұстап берді»
-
17:20, 22 қыркүйек 2026
Қызылорда облысында TikTok эфирінде мысықты қинаған ер адам жауапқа тартылды
-
17:11, 22 қыркүйек 2026
Астанада ер адам массаж жасайтын қызды аяусыз зорлады
-
17:05, 22 қыркүйек 2026
Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасы жүзуден жүлдеге бір қадам жетпей қалды





