ШҚО-ның 21 жастағы тұрғынынан қазақстандық құжаттары алынды: себебі неде
© Фото: Zakon.kz
2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 620-дан астам адамның Қазақстан азаматтығынан айырылу дерегі тіркелді. Азаматтық туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция 23 қыркүйекте Қазақстан заңнамасында қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салды. Соған қарамастан көші-қон қызметкерлері басқа мемлекеттің азаматтығын алғанын хабарламай, қазақстандық құжаттарын пайдалануды жалғастырған адамдарды анықтап жатыр.
"Анықталған деректердің басым бөлігі көрші мемлекеттердің азаматтығын алған адамдарға қатысты", – деді ШҚО полициясының көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.
Осындай жағдайлардың бірі Алтай ауданының 21 жастағы тұрғынына қатысты тіркелді.
"Ол басқа мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы уәкілетті органдарға уақытында хабарламаған. Тексеру кезінде оның қазақстандық құжаттары алынып, Қазақстан азаматтығынан айырылу дерегі тіркелді", – деп хабарлады полиция.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында Қазақстан азаматтығынан айырылған әйелдің қазақстандық құжаттарды сақтап жүргені анықталған еді. Оған 865 мың теңге айыппұл са
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:20, 23 қыркүйек 2026
Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі 24-25 қыркүйекте аяқталады
-
16:12, 23 қыркүйек 2026
«Трамвайларды алып тастап, қайтадан трамвай әкелмек»: алматылықтар жерүсті LRT жобасын жаппай сынап жатыр
-
16:06, 23 қыркүйек 2026
Күздің лебі сезіледі: 24–26 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қалай өзгереді
-
15:58, 23 қыркүйек 2026
Алматыда марафонға байланысты 26–27 қыркүйекте бірқатар жол жабылады
-
15:50, 23 қыркүйек 2026
23 қыркүйектегі саудада доллар бағамы тағы төмендеді





