Қызылорда облысында TikTok эфирінде мысықты қинаған ер адам жауапқа тартылды
© Сурет: видео скрині
Қызылорда облысында мысықты қинаған ер адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған видео полицияның назарын аударған, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 қыркүйекте TikTok-та ер адамның мысыққа қатыгездік танытқаны бейнеленген видео тараған. Полиция қызметкерлері жазбаға байланысты дереу тексеру жүргізді.
Нәтижесінде жануарға қатыгездік көрсеткен адамның жеке басы анықталды. Ол Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны Серік Кетенов болып шықты. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді.
"Оған әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері оған жануарларға қатысты мұндай әрекеттерге жол бермеу жөнінде ресми ескерту жасады", – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдары жануарға қатыгездік көрсету қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін түсіндірді.
Полицияның мәліметінше, оқиға кезінде зардап шеккен мысық аман қалған, оның денсаулығына зиян келмеген.
Полиция жануарларға күш қолдануға, оларды қинауға немесе қасақана зиян келтіруге жол берілмейтінін еске салды. Мұндай әрекеттер заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:58, 23 қыркүйек 2026
«Тозақтың» ортасында өсіп жатқан қос сәби: Таразда жауапсыз ана жазаланды
-
19:49, 23 қыркүйек 2026
Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
-
19:32, 23 қыркүйек 2026
Алматыда Instagram-ға жүктеген видеосында балағат сөздер айтқан ер адам қамауға алынды
-
19:00, 23 қыркүйек 2026
Қостанайда кәсіпкер қызметіне жүгінген әйел ақшасыз әрі жиһазсыз қала жаздады
-
18:43, 23 қыркүйек 2026
«Қатты жел тұрады». Еліміз бойынша 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы





