«Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі». Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
© Фото: zakon.kz
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылдың 18 шілдесінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Күндіз Қызылорда облысының батысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 42-44 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 18 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырауда 18 шілдеде түнде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Астанада 18-19 шілдеде күндіз 35-36 градус өте қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 36-39 градус қатты ыстық болып, облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда 18 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысында 35-37 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 18 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 18-20 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 18 шілдеде найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 18-20 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 18 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус стық болып, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда 18 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 18 шілдеде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 18-21 шілдеде күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 18 шілдеде таңертең және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, қалада 18-21 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 18-21 шілдеде күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Семейде 18 шілдеде жел солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, қалада 18-21 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 38-42 градус қатты ыстық болып, облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 18 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады.
18-20 шілдеде түнде Жамбыл облысының облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 18-20 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 18-20 шілдеде солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қалада 18-20 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. 18-20 шілдеде күндіз облыста 40-45 градус өте қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да 18-20 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 18 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
18-20 шілдеде күндіз Алматы облысының шығысында 40-45 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 18-20 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да 18-20 шілдеде күндіз 41-43 градус өте қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 18-19 шілдеде 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 18 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер Алматы мен Алматы облысында аптап ыстықтың беті қашан қайтатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:42, 17 шілде 2026
Алматыда үш көліктің қатысуымен ауыр жол апаты болды
-
20:49, 17 шілде 2026
Баян Алагөзова Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады
-
20:24, 17 шілде 2026
Ақмола облысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі тергелуде
-
19:51, 17 шілде 2026
«Басыңды жұлып аламын!». Қостанайда ақ халаттыға көрсетілген қоқан-лоқы видеоға түсіп қалған
-
19:26, 17 шілде 2026
Қостанай облысында жүргізуші куәлігінсіз жүк көлігін басқарған ер адам ұсталды





