Германияда аптап ыстыққа байланысты егін жинау болжамы күрт төмендеді

10:17, 17 шілде 2026
MKZ: 1556603

© Фото: akorda.kz

Соңғы бірнеше аптадағы аптап ыстықтың салдарынан Германияның ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығы (DRV) 2026 жылға арналған астық өнімі бойынша болжамын төмендетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшылардың айтуынша, ауа температурасының шамадан тыс көтерілуі егістіктің мерзімінен бұрын пісуіне және өнімділіктің төмендеуіне әкелген

DRV жаңартылған мәліметіне сәйкес, биыл Германияда 42,7 миллион тонна астық жиналады деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6%-ға аз. Бұған дейін қауымдастық елдегі астық түсімі 44,1 миллион тонна болады деп болжаған еді.

DRV-дің астық нарығы жөніндегі сарапшысы Гвидо Зедлердің айтуынша, өте жоғары температура егістіктің жағдайына айтарлықтай зиян келтірген.

"Аптап ыстық егістікке қатты әсер етті. Көптеген өңірде өсімдіктердің даму кезеңі мерзімінен бұрын аяқталды. Соның салдарынан масақтағы дән саны азайды немесе дәндердің көлемі ұсақ болып қалыптасты", – деді маман.

Сонымен қатар қауымдастық қазіргі жағдай ауыл шаруашылығының экстремалды ауа райы құбылыстарына қаншалықты тәуелді екенін тағы бір рет көрсеткенін атап өтті. Сондықтан сала климаттың өзгеруіне бейімделуі қажет. Ол үшін құрғақшылық пен жоғары температураға төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сұрыптарын шығару маңызды екені айтылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!