«Су шашуға болмайды». Алматыда электромобиль отқа оранды
© Сурет: Zakon.kz
Куәгерлер Алматыда тұрғын үй кешені жанында Zeekr маркалы электр көлігі өртеніп кеткенін айтты. Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне жүгінді. Сағат 17:18-де өрт сөндіру тобы осы сипаттағы шақырту бойынша Бостандық ауданына аттанғаны белгілі болды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін Zeekr маркалы электромобильдің түтіндегенін анықтады.
"ТЖД қызметкерлері аккумулятор бөлігін салқындату және өрттің алдын алу үшін оқпандарды дереу іске қосты. Зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

Сурет: Zakon.kz
Оқиғаға не түрткі болғаны әлі белгісіз. Екі бағытта да Масанчи мен Сейфуллин көшелерінің арасында Сәтбаев көшесіндегі қозғалыс толығымен шектелді.
"Электромобильдерге деген қызығушылықтың артуымен қатар олардың өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселеге назар аударушылар қатары көбейген: Алматыда 200-ден астам электр зарядтау станциялары бар, алайда экологиялықпен қатар бұл арада өрт қаупі де бар. Электромобильдерде қолданылатын литий-ионды батареялар "қыздыру үдеткішінің" көзі бола алады, бұл процесс барысында батарея жылу шығарады, ол оның тұтануы немесе тіпті, жарылу қаупін тудыруы мүмкін", деп атап өтті департаменттегілер.

Сурет: Zakon.kz
Электромобильдердің аккумуляторлық батареяларының жану процесінде сутегі фториді сияқты улы газдар тарап, денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Атап айтқанда, ол тыныс алу жолдарына зиян әрі ауаны да ластайды.

Сурет: Zakon.kz
"Электромобильдер дұрыс жұмыс істеп тұрса қауіпсіз, бірақ қауіп-қатер болғандықтан, күтімді аса қажет етеді", – деп ескертеді төтеншеліктер.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:12, 9 қараша 2025
Дзюдошы Самалай Ерғалиева Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды
-
00:10, 9 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары-2025: дзюдошы Ержан Еренқайыпов күміс жүлдегер атанды
-
00:00, 9 қараша 2025
Тоқаев Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды
-
23:59, 8 қараша 2025
Тоқаев Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады
-
23:01, 8 қараша 2025
Сенсация! Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетті





