28 шілдеде ел аумағында бір орман өрті тіркелді

18:27, 28 шілде 2026
MKZ: 1558470

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

2026 жылғы 28 шілдеде Қазақстан аумағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде бір орман өрті тіркелді, деп хабарлады Zakon.kz Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт Қостанай облысында анықталған. Жалпы аумағы 0,15 гектар болатын қызыл жалын мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі кезінде дер кезінде байқалған.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері мен арнайы техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрттің кең аумаққа таралуына жол берілмей, қысқа мерзімде толықтай өшірілді.

Мамандар өрт қауіпті кезеңде азаматтарды, табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға үндеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!