Әли Алмас U17 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

22:51, 28 шілде 2026
MKZ: 1558505

© Сурет: UWW

Қазақстан грек-рим күресінен Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы медальді 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әли Алмас иеленді. Ол күміс жүлденің иегері атанды.

Финалда Әли Алмас ресейлік Солтан Юсуповпен белдесіп, 3:8 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ бүгін Дияр Аманәлі грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!