Жаңаөзенде 9 жастағы бала автобустан түсіп, із-түзсіз жоғалып кеткен
© Фото: zakon.kz
Жаңаөзен қаласында 9 жастағы Мансұр есімді бала іздестіріліп жатыр. Ол 28 шілде күні таңертең автобустан түсіп, із-түзсіз жоғалып кеткен. Баланы іздеуге полиция қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал ата-анасы қала тұрғындарынан оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, хабарлауды сұрап отыр.
Lada.kz басылымының мәліметінше, оқушы қоғамдық көліктен түскеннен кейін жоғалып кеткен.
Баланың әкесінің айтуынша, Мансұрды кейінгі рет бүгін, 28 шілде күні таңертең көрген.
Белгілі болғандай, шамамен сағат 11:00-де бала Утесинов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің маңындағы аялдамадан автобустан түскен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.
Жоғалған кезде оның үстінде сұр түсті футболка мен қара түсті шолақ шалбар болған. Қолында қара түсті жол сөмкесі болған.
"Қазір полиция қызметкерлерімен бірге іздестіріп жатырмыз. Егер баламыздың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін тұрғындар болса, хабарласуды сұраймыз", – деді баланың әкесі.
Мансурдың жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан оның әкесіне 8 (771) 815-40-26 нөмірі арқылы хабарласу сұралады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:38, 28 шілде 2026
29 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:26, 28 шілде 2026
Алматының бір ауданында жыл басынан бері 1 500-ге жуық заңсыз маңдайша алынып тасталды
-
19:10, 28 шілде 2026
ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды
-
19:04, 28 шілде 2026
Қазақстандық шпагашылар Гонконгтағы әлем чемпионатының 1/8 финалында сынға түсті
-
18:34, 28 шілде 2026
Астанадағы жедел жәрдем станциясының экс-басшысы 9 жылға сотталды





