Қазақстан волейболдан Орталық Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады

18:30, 28 шілде 2026
MKZ: 1558474

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы волейболдан Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан Орталық Азияның ашық чемпионатында жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы турнир барысында Непал командасын жеңсе, Өзбекстан, Бангладеш, Шри-Ланка, Пәкістанға жол берді.

Нәтижесінде отандастарымыз 5-6 орындар үшін өткен матчта Непал құрамасын 3:0 (25:18, 27:25, 25:20) есебімен жеңді.

Осылайша Қазақстан құрамасы жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!