Студенттің оқуын алгоритмдер басқарады: Қазақстанда жаңа университет ашылады

16:44, 18 тамыз 2026
MKZ: 1561967

© Фото: akorda.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 18 тамызда Үкіметте өткен жиында жоғары оқу орындарындағы білім беру форматы өзгере ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бұл бағыттағы өзгерістер қазірдің өзінде басталып кеткен.

"Ол өзгеріп жатыр, біз эксперимент жасап жатырмыз. Қыркүйек айында алғашқы университет – Қазақ жасанды интеллект зерттеу институты іске қосылады. Мұнда оқу процесінің барлық жүйесі арнайы алгоритмдермен жұмыс істейді. Оқу платформасы, білім беру, студентке жеке тәсіл және оқытуды жекелендірудің барлығы күрделі алгоритмдер негізінде құрылады. Бұл өте батыл эксперимент. Мұндай бағытта көп ел жұмыс істеп жатқан жоқ. АҚШ пен Қытай бұл саланы белсенді зерттеп жатыр, енді біз де қолға алып отырмыз", – деді Саясат Нұрбек.

Министр бұл жоба бойынша қыркүйек айында арнайы таныстырылым өткізілетінін айтты.

"Барлығын жоғары білім беруді ұйымдастырудың жаңа эксперименттік моделін көруге шақырамыз. Мұнда негізгі процестерді алгоритмдер басқарады. Студенттің оқу жүктемесі оның қызығушылығына барынша бейімделеді. Мұндай форматтарға үлкен үміт артып отырмыз", – деді министр.

Сонымен қатар Қазақстанның шетелдік университеттермен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Олардың оқу және ғылыми-зерттеу процестерін ұйымдастыру тәжірибесі зерттеліп, Қазақстанда қолданылуда.

Саясат Нұрбектің айтуынша, министрлік жоғары білім саласында жаңа форматтарды енгізуден қорықпайды және эксперименттерді жалғастыра береді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!