Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартады

17:32, 18 тамыз 2026
MKZ: 1561980

© Фото: Zakon.kz

Адвокат Мұрат Мәуметов 2026 жылғы 18 тамызда қорғауындағы Әділет Зейнел Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша жәбірленуші мәртебесінен бас тартуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Тиісті өтінішті тарап жақын арада бермек, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Біз әлі бас тартқан жоқпыз, өтініш те берілген жоқ, бірақ беруді жоспарлап отырмыз. Ол жақын арада беріледі. Иә, Әділет анасының пайдасына бас тартады. Заң бұған рұқсат береді", – деді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, бұдан былай жәбірленуші тараптың мүддесін марқұмның анасы қорғайды. Ал Әділет Зейнел сот процесіне қатыспайды.

Айта кетейік, бүгін, 18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жедел жәрдем қызметінің фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты істі қарау басталды.

Оқиға 2025 жылғы 8 қарашада болған. Сол күні Астанада Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үй кешенінің қасбетінде сыртқы кірпіш қаптаманың бір бөлігі мен кондиционер құрылғысы құлап, бес адам зардап шеккен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!