Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы
© Фото: zakon.kz
Қазақстанда алдағы сейсенбі, 18 тамызда найзағай мен бұршақ аралас жаңбыр жауып, аптап ыстық басылады. Күндізгі ауа температурасы +35...+38°С-қа дейін төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары жариялаған ауа райы болжамында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, аптап ыстық екі өңірде сақталады:
- Батыс Қазақстан облысында – +35°С-қа дейін;
- Маңғыстау облысының оңтүстігінде – +38°С-қа дейін.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіндейді", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Болжам бойынша, республиканың тек оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Ел аумағында жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады:
- жоғары өрт қаупі – Қостанай облысында, Абай облысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен шығысында, Павлодар облысында, Алматы облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, шығысы мен орталығында;
- төтенше өрт қаупі – Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының батысы мен орталығында, Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:57, 17 тамыз 2026
18 тамызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
18:39, 17 тамыз 2026
Алматылықтар автобус, троллейбус пен метрода бір күн тегін жүре алады
-
18:12, 17 тамыз 2026
Алматы тұрғындары ақылы тұрақты қалай тегін пайдалана алады
-
17:50, 17 тамыз 2026
Қазақстанда бірінші сынып оқушыларының білімі қалай бағаланады
-
17:38, 17 тамыз 2026
Алматыда менингит өршіп тұр ма? Дәрігерлер жағдайды түсіндірді





