Соңғы үш жылда азық-түлік өндірісі 15%-ға жуық өскен – Мемлекет басшысы
© Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, тағам өнеркәсібін қолдаудың бірыңғай тәртібін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, осы саладағы жобаларды жедел іске асыру елдің азық-түлік импортына тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді.
Президенттің мәліметінше, соңғы үш жылда Қазақстанда азық-түлік өндірісі 15 пайызға жуық өскен. Осы кезеңде өсімдік майының өндірісі 36 пайызға, ал ет және сүт өнімдерінің өндірісі 25 пайызға артқан.
"Енді осы қарқынды сақтап, өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін барынша күшейту қажет. Тағам өнеркәсібі саласындағы жобаларды жедел саралап, жүзеге асыру керек. Бұл жобалар азық-түлікпен қамтамасыз ету ісінде импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы жаңа өндіріс орындарын инженерлік желілерге уақтылы қосудың маңызына да тоқталды.
"Жалпы, Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, осы салаға қолдау көрсетудің бірыңғай тәртібін әзірлеуге тиіс. Сонымен бірге оның нақты жолдарын, қаржыландыру көздерін анықтап, мерзімдерін бекіту маңызды. Бірақ бұл істе қағазбастылық әлі бар, оны мойындауымыз керек", – деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:38, 20 қараша 2026
Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент
-
15:35, 20 қараша 2026
Президент: «Заң мен Тәртіп» – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты ұстаным
-
15:33, 20 қараша 2026
Үкімет міндетті түрде назарға алуы керек - Президент Ауыл шаруашылғы саласындағы мәселелерге назар аударды
-
15:29, 20 қараша 2026
Президент ауыл шаруашылығындағы бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігін заңмен бекітуді ұсынды
-
15:26, 20 қараша 2026
Президент агросекторға арналған инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін әзірлеуді тапсырды





