Президент: «Заң мен Тәртіп» – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты ұстаным
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер "Заң мен Тәртіп" қағидатына негізделетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы наурыз айындағы жалпыұлттық референдумда Конституцияның қабылдануын ұлт тағдырына тікелей әсер еткен тарихи шешім деп бағалады.
"Конституцияда Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, жалпыұлттық бірлігімізді күшейту мемлекетіміздің негізгі қағидаттары болып бекітілді. Адам капиталын, білім-ғылымды, инновацияны дамыту конституциялық мәні бар стратегиялық міндет деп танылды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент "Заң мен Тәртіп" қағидатының Конституцияда халықтың аса маңызды құндылығы ретінде айқындалғанын атап өтті.
"„Заң мен Тәртіп" – мен үшін Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты ұстаным. Түптеп келгенде, ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер дәл осы қағидатқа негізделеді. Өйткені заң үстемдік етпесе, қоғамда тәртіп болмаса, ешқандай реформаның нәтиже бермесі айдан анық", – деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:46, 20 қараша 2026
Халықтың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайтын адамның ниеті, ойы, қолы таза болуы керек – Президент
-
15:45, 20 қараша 2026
Тоқаев шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді тапсырды
-
15:42, 20 қараша 2026
Ұлт мүддесіне мінсіз және адал қызмет ететін азаматтарға әрдайым құрмет көрсетіледі – Тоқаев
-
15:38, 20 қараша 2026
Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент
-
15:33, 20 қараша 2026
Үкімет міндетті түрде назарға алуы керек - Президент Ауыл шаруашылғы саласындағы мәселелерге назар аударды





