Солтүстік Қазақстанда екі ірі шаруашылықта бруцеллез анықталды

14:31, 27 наурыз 2024

© Сурет: pixabay

Солтүстік Қазақстанда облысындағы екі ірі шаруашылықта қара малдан бруцеллез анықталды. Жалпы 5 ауданда қауіпті дерт тіркелді. 9 бас мал санитарлық сою алаңына жіберілді.

Иелеріне өтемақы төленеді. Аққайың ауданының Ленинское ауылында 2023 жылдың шілде айынан бері шектеу шаралары жалғасып келеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл елді мекенде 72 бас малдан бруцеллезге анықталған.

"Соңғы дерек наурыздың 25-і күні Ақжар ауданында тіркелді. Ақжар, Айыртау, Аққайың аудандарында және Темирязев ауданында бір-бір ірі қарадан бруцеллез анықталса, Қызылжар ауданында 5 ірі қарадан бруцеллез анықталды." Аманжол Зағыпар, Ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!