Анна Данилина Португалиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

19:30, 26 сәуір 2024

© Сурет: ktf.kz

Анна Данилина Португалияда өтіп жатқан ITF W100 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анна Данилина Бибиана Схоофспен бірге ширек финалда португалиялық-испаниялық жұп Ана Филипа Сантос пен Лусия Кортес Льорканы жеңді.

Есеп - 6:3, 6:1.

Енді қазақстандық теннисші Нидерланд спортшысымен бірге жартылай финалда Ресей мен Тайвань өкілдері Яна Сизикова мен Фан-сянь У-ға қарсы ойнайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!