Ер адамның әйелді аяусыз ұрған бейнесі желіе тарап кетті

14:56, 26 сәуір 2024

© Сурет: pixabay

26 сәуірде Қазнетте әйелді ұрып-соғу туралы бейне таратылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнеде ер адам үйдің кіреберісінде әйелді тепкілеп, басынан қатты ұрады. Шамасы, оқиға Алматыда болған.

Видеоға полиция жауап берді.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бейне қатысушылардың жеке басы мен оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кінәлі міндетті түрде жауапқа тартылады",-деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, соңғы кездері мұндай оқиғалар жиілеп кетті. 16 сәуірде Алматыда бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адамды қамауға алғанымыз туралы жазып едік, артынан көп ұзамай Алматы облысында күйеуі әйелін кішкентай балаларының көзінше ұрып-соққанын хабарладық.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!