Қар аралас жаңбыр, бұршақ: Еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

13:44, 27 сәуір 2024

© Сурет: unsplash

2024 жылы 27 сәуірде синоптик мамандар еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова таныстырды.

"28-29 сәуірде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі, 28 сәуірде оңтүстік, 29 сәуірде солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. 29 сәуірде түнде республикамыздың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауған жаңбырдың арты қарға ұласады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл соғады деп күтіледі", - деді ол республикалық коммуникациялар орталығындағы брифинг барысында.

Температуралық фонға келетін болсақ, жалпы алғанда күндізгі температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

"Алайда 27-28 сәуірде түнде еліміздің солтүстік жартысында сынап бағаны -1-8 градус суықты көрсетеді", - дейді маман.

Сондай-ақ синоптиктер 2024 жылғы 27 сәуірге арналған өрт қаупі болжамымен де бөлісті.

"Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі". Алина Исмағұлова

Алдында синоптиктер 27 сәуірде еліміздің 10 өңірі бойынша дауылды ескерту жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!