Павлодарда болған жол көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті

19:49, 26 сәуір 2024

© Сурет: pixabay.com

Павлодарда болған жол көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті. Олар бірден ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін, 26 сәуір күні шағын айналма жолда болған.

"Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі Kia Soul автокөлігіне жол бермей салдарынан қос көлік соқтығысты. Апат салдарынан Kia Soul көлігі аударылы кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан осы автокөліктегі үш адамы ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Ал Chevrolet Cruze автокөлігі айып тұрағына қойылды. Осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!